Құжаттарды қайда қабылдайды?
Құжаттарды қабылдау автоматтандырылған платформада онлайн жүргізіледі. Іріктеуге қатысу үшін Сізге onir.pkrezerv.gov.kz сайтында тіркелу және өтінім беру қажет. Құжаттарды қағаз жеткізгіште не электрондық түрде берген кандидаттар да онлайн-платформада тіркеледі және құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдаудың соңғы күнінен кешіктірмей құжаттарды жүктейді.
Құжаттарды қабылдау қашан басталады?
Кандидаттардың өтінімдері 2024 жылдың 1-31 наурыз аралығында қабылданады.
Іріктеу кезеңдерінің басталғаны туралы қалай біле аламын?
Өңірлік кадрлық резерв сайтында іріктеу кезеңдерін өткізу мерзімдері туралы ақпарат орналастырылған. Веб-сайтта тіркелгеннен кейін келесі кезеңге өту туралы ақпарат Сіздің жеке кабинетіңізге жіберіледі.
Іріктеудің нәтижелері туралы қайдан біле аламын?
Кезеңнің нәтижелері туралы ақпарат Сіздің жеке кабинетіңізге орналастырылады. Іріктеу кезеңінен сәтті өтсеңіз, келесі кезеңге шақырыласыз.
Егер менің іріктеу кезеңдеріне қатысуым керек болса, шығындарымды кім төлейді?
Іріктеу кезеңдерінен өтуге байланысты барлық шығындарды кандидат өзі көтереді.
Іріктеу кезінде мені кім(-дер) бағалайды?
Тестілеу кезеңінде бағалау автоматты түрде анықталады.
Құзыреттерді бағалау кезеңінде нәтижелерді сертификатталған сарапшы-бағалаушылар бағалайтын болады.
Жобаның презентациялаумен құрылымдық сұхбат кезеңінде комиссия шешім қабылдайды.
Бұл ретте, осы кезеңде өңірлік кадр резервіне іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін құрылымдық сұхбат жүргізу кезеңінде қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері және салалық сарапшылар тартылатын болады
Өңірлік кадр резервіне қабылданғаннан кейін мені не күтеді?
Өңірлік кадр резервіне алынған адамдар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдардағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда орналаса алады.
Өңірлік кадр резервінде қанша уақыт боламын?
Өңірлік кадр резервінде болу мерзімі 2 жыл.