- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;
- білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен шетелдік ұйымдарда алынған құжаттарды тану туралы куәліктердің көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес);
- соңғы жұмыс орны бойынша кандидаттың толтырылған қызметтік тізімі.
Өңірлік кадр резервіне іріктеуге қатысу үшін кандидаттарды тіркеу және құжаттарды қабылдау автоматтандырылған онлайн платформаның көмегімен жүргізіледі.
1. Екі және одан да көп өңірлік резервті немесе салалық бағыттарды таңдауға ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ;
2. Қате таңдау жағдайында өңірлік резервті (өңірді) немесе салалық бағытты ҚАЙТА ТАҢДАУ МҮМКІН ЕМЕС.
Құжаттарды қабылдау онлайн-платформада кандидатты тіркеу және оған бағалау кезеңдерінде кандидаттың жеке деректерін иесіздендіру үшін пайдаланылатын жеке нөмір беру арқылы жүргізіледі. Тіркелген кандидаттар жеке кабинеттеріне логин мен пароль арқылы кіреді.
Тіркелу кезінде кандидат білімі туралы және еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін, мемлекеттік басқарудың мүдделі саласын таңдайды, сондай-ақ заңнаманы білуге және жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуден өтуге жазылады.
Кандидат қойылған талаптарға сай келген жағдайда (құжаттарды тапсыру сәтінде 35 жастан аспаған, жоғары білімі бар және еңбек өтілі кемінде 3 жыл Қазақстан Республикасының азаматы) іріктеу кезеңдеріне жіберіледі.
Бұл кезең кандидаттардың заңнаманы білуін анықтауға және олардың жеке қасиеттерін бағалауға мүмкіндік беретін мынадай екі тестілеу блогынан тұрады:
1) заңнаманы білуге арналған тестілеу;
2) жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу.
Тестілеу Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының (бұдан әрі – Академия) филиалдарында оффлайн форматта автоматтандырылған режимде өткізіледі.
Тестілеуден өту тілін кандидат өз бетінше таңдайды. Тестілеуден өтуге жіберілген кандидаттар ақпараттық жүйеде тестілеуден өту күні мен уақытын көрсетеді.
Заңнаманы білуге арналған тестілеу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) білуге арналған тестілерді қамтиды. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындаудың жалпы уақыты 55 минутты құрайды.
Тестілеудің екінші блогы – жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуден заңнаманы білуге арналған тестілеу кезінде ең жоғары балл жинаған кандидаттардың 50%-ы өтеді, бірақ кандидаттар саны тиісті Өңірлік кадр комиссиясы белгілеген саннан аспауы тиіс.
Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бастамашылық (12), коммуникативтілік (12), талдамалық (12), ұйымдасқандық (12), стратегиялық ойлау (12), көшбасшылық (12), әдептілік (12), сапаға бағдарлану(12), тұтынушыға бағдарлану(12), сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік(12) деңгейін анықтауға арналған тапсырмаларды қамтиды.
Тесттерді орындаудың жалпы уақыты – 90 минут.
Бірнеше кандидаттың тестілеу нәтижелері тең болған жағдайда келесі іріктеу кезеңіне комиссиялар белгілеген саннан асатын кандидаттар саны жіберілуі мүмкін.
«Заңнаманы білуге және жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу» кезеңінен сәтті өткен кандидаттарға «Құзыреттерді бағалау» кезеңіне тіркелу қолжетімді болады. Кандидат ұсынылған нұсқалардың ішінен осы кезеңнен өту күні мен уақытын таңдай алады. Тіркеу бірінші кезекте толтыру қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
Ассессмент-орталық уәкілетті орган белгілеген кестеге сәйкес Астана қаласында Академияда оффлайн форматта өткізіледі.
Бұл кезең мінез-құлық индикаторларының жиынтығы арқылы кандидаттардың белгілі бір құзыреттерін (проактивтілік, қызметті басқару, мәселелерді талдау және шешу, көшбасшылық, сендіре білу) анықтауға және бағалауға бағытталған және ол топтық пен жеке жаттығулардан тұрады, аталған кезең барысында кандидаттардың мінез-құлқын сертификатталған сарапшы-бағалаушылар бақылайды.
Ассессмент-орталық рәсімінің ұзақтығы 6-дан 8 сағатқа дейін созылады.
Бұл кезеңге Президенттік жастар кадр резервіне немесе басқа өңірлік резервке іріктеу аясында ассессмент-орталықтан өткен кандидаттар өңірлік резервке іріктеу туралы хабарландыру жарияланғанға дейін бір жыл ішінде қатыспайды.
Бұл жағдайда кандидаттың құзыреттері алдыңғы ассессмент-орталықтан өту нәтижесі туралы есеп негізінде бағаланады.
Келесі іріктеу кезеңі – Комиссиядағы құрылымдық сұхбатқа үздік нәтиже көрсеткен кандидаттар саны тиісті Өңірлік кадр комиссиясы белгілеген саннан аспауы тиіс.
Бірнеше кандидаттың нәтижелері тең болған жағдайда келесі іріктеу кезеңіне комиссиялар белгілеген саннан асатын кандидаттар саны жіберілуі мүмкін.
«Комиссиядағы құрылымдық сұхбат» кезеңіне ассессмент-орталықтың қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен кандидат жіберіледі.
Сұхбат кандидат өзі таңдаған салалық бағытқа сәйкес жобаны таныстыру форматында өткізіледі.
Презентация Word форматында қысқаша түсіндірмесі бар, PDF форматына түрлендірілген 5 слайдтан (ppt) тұруы керек.
Таныстыруға 5 минут уақыт беріледі, осы уақыттың ішінде кандидат өзі ұсынған идеяның мәні мен мақсаттарын, оны іске асыру кезеңдерін, іске асыру кезіндегі ықтимал проблемаларды, күтілетін нәтижелерді айтып шығуы қажет.
Іріктеудің келесі кезеңі – «Комиссияның отырысында өңірлік резервке алуға ұсынылған кандидатураларды қарау» кезеңіне сұхбат нәтижелері бойынша үздік нәтиже көрсеткен кандидаттар саны тиісті Өңірлік кадр комиссиясы белгілеген саннан аспауы тиіс.
Комиссияның шешімдері негізінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері өңірлік резервтер құрады.
Комиссия ұсынған азаматтар өңірлік резервке іріктеуге қатысу туралы өтініште көрсетілген бағыттар бойынша өңірлік резервке алынады.
«Сарапшылық комиссия мүшелерімен әңгімелесу» кезеңіне алдыңғы іріктеу кезеңінде ең жақсы нәтиже көрсеткен ең көбі 150 кандидат жіберіледі. Құзыреттерді бағалаудан өткен кандидаттарға «Сарапшылық комиссия мүшелерімен әңгімелесу» кезеңіне өткен кандидаттарға онлайн платформада кезеңге тіркелу қолжетімді болады. Олардың әрқайсысы ұсынылған нұсқалардың ішінен рәсімнен өту күні мен уақытын таңдай алады. Тіркеу бірінші кезекте толтыру қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
«Сарапшылық комиссия мүшелерімен әңгімелесу» кезеңіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде кандидат таңдаған салалық бағыт бойынша жобаны таныстыру форматында өтеді. Презентация Word форматындағы қысқаша түсіндірмесі бар, PDF форматына түрлендірілген 5 слайдтан (ppt) аспауы керек. Презентацияда кандидат таңдаған салалық бағыты бойынша өзекті мәселені сипаттап, оны шешу жолын және күтілетін нәтижелерді ұсынуы қажет. Сарапшылық комиссия өткізген әңгімелесу қорытындысы бойынша Кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның қарауына ұсынылатын кандидаттардың тізімі жасалады.
Ұлттық комиссияның отырысына 100-ден аспайтын кандидат саны жіберіледі.
Бұл іріктеу кезеңінің нәтижелері кандидаттардың жеке кабинеттеріне орналастырылады.
«Сарапшылық комиссия мүшелерімен әңгімелесу» кезеңінен өту рәсімінің ережелері мен шарттары:
1) Әңгімелесу кезінде кандидаттарға өзімен бірге қабылдаушы-беруші электрондық құрылғыларды (оның ішінде ұялы телефондар, құлаққаптар мен өзге де электрондық жабдықтарды) алуға тыйым салынады;
2) Осы іріктеу кезеңінен қайта өтуге жол берілмейді.
Ұлттық комиссияда сұхбаттасуға Сарапшылық комиссия ұсынған кандидаттар жіберіледі.
Ұлттық комиссия әңгімелесу қорытындысына сәйкес Резервке 50 кандидат қабылдау туралы шешім қабылданады.